Жазғы маникюр

Жазғы маникюр

Жазғы маникюр... Қандай болғанын қалайсыз? Әдеттен тыс немесе классикалық үлгі? Әлде заманауи ма? Сауалға нақты жауап беру үшін биылғы жазда сәнде болатын маникюр үлгілері мен түстеріне тоқталайық. Таңдауды сонан кейін жасаймыз. Әрбір заманауи қыз баласы үшін маникюрдің дұрыс болу көп нәрсені білдіреді. Себебі, қыздың қолы қашанда әдемі, нәзік көріну керек.

Мамандар 2014 жылғы жаз маусымында қиыннан қиыстырылатын суреттерден бас тартты. Былтырғы жылы осындай тырнақтар сәнге айналса, биыл нәзік жандылардың қолдарынан қарапайымдылық еседі. Jill Stuart, Jeremy Scott, Zadig & Voltaire, Marc Jacobs, Chanel, Giorgio Armani және Blugirl, Laura Biagiotti сынды брендтер көрсетілім арқылы бірнеше нұсқаны ұсынды. Жалпылама түстер мынадай: қара, көк, сұр, шоколадты, шарапты, ақ, тоқ сары, сұр, жалбызды, алқызыл, ақшыл көк т.б. Енді осылардың кейбіріне толығырақ тоқталмақпыз.

Айта кетейік, тырнақтың пішіні мен ұзындығы әркімнің өз талғамына қарай таңдалады, дегенмен, маникюр шеберлері бұл түстер қысқа тырнақпен жақсы үйлесетіндігін айтады.

Жыл өткен сайын косметикалық компаниялар көктемгі-жазғы макияж, маникюр үшін пастельді реңдерді таңдаудан жалығар емес. Әрине, бұған таңғалуға болмайтын шығар, себебі, нәзік пастельді түстер табиғаттың оянуымен, күн сәулесімен бірге еске түседі. Ендеше маникюр үшін пастельді реңдер аясында таңдау жасағаңыз келсе, ашық сарыны таңдағаныңыз жөн секілді.

Алқызылдың сәннен қалуы ағаттық болар еді. Себебі, бұған дейін көктем де, жаз да алқызылсыз өтпеген. Алқызылды аса ұнатпасаңыз, қуыршақ қызыл немесе қып-қызыл, фуксия түстерін жағыңыз.

Жабайы орхидея түсі. Бұл топқа алқызыл-сирень түсті реңдер де енеді.

Барлық мүмкін болған ашық көк түсті ұялмай жағасыз. Негізінде, көктем-жаз маусымдарында қолдың өзі осы реңдерді сұрап тұратындай көрінеді.


Күнді де ұмытпайық. Нәзік түсті голографиялық лактарды қуана-қуана пайдаланыңыз.

Кейде өте ашық әрі ойнақы түсті қалаймыз. Мұндайда дуо-маникюрді байқап көріңіз.

Жазда нәзік түсті лактарды жақпағанда қашан жақпақсыз? Түссіз базадағы глиттер осы талапты қанағаттандыра алады.

Жаздың қарбаласында маникюр үшін уақыт таба алмай жатсаңыз, түссіз, жылтыр лакпен тығырықтан шыға аласыз. Лактың тез кебетіндігін пайдаланып, жаға сала шаруаларыңызға кірісіп кете аласыз.

Осы күнде зиянсыз лактарды табу өте қиын, тіпті, жоқ десе де болады. Алайда, олардың зиянын азайтатын бірнеше қулық бар:

1. Аквабаза – бұл голографиялық лактарға арналған база. Өзінің ультратегістігінің арқасында лактың зиянды жылтырларын үшінші, төртінші қабатқа емес, екінші қабатқа жағылуын қамтамасыз етеді.

2. Лакты жағу кезінде қылқаламды тырнаққа параллель қою. Бұл ажыраудың алдын алып, кедір-бұдыр болудан сақтайды.

3. Сыртқы жабындыларды пайдалану – жағудың кемшіліктерін жасырады.

Жаздағы ұзын тырнақ күтімі

Нейл-арт үрдісіне қарамастан, көптеген әйел ұзын тырнақты құп көреді. Олар қалыпты ұзындықтағы тырнақтарға қарағанда әлдеқайда әлсіз болатындықтан, қосымша емді, күтімді қажет етеді. Тырнақты қатайтатын ғана емес, тырнақты дымқылдандыратын құралдарға тоқтаңыз. Ал жаз маусымында ұзын тырнақ қажет ететін өзгерістер мыналар:

Пернетақтадағы әріптерді тергенде тырнақпен емес, міндетті түрде саусақ жастықшаларымен басыңыз;

Лифт батырмасын тырнақпен емес, саусақ буындарымен басуға тырысыңыз;

Тырнақтарыңыздың ашқыш, бұрағыш немесе асхана құралы емес екендігін естен шығармаңыз;

Үй шаруасымен айналысқанда резеңке қолғаптарды киіп алыңыз;

Колготкі кигенде көтеру үшін бас бармақ пен сұқ саусақтың ортаңғы бөлігін пайдаланыңыз.

Соңында айтарымыз, ең басты ереже – қандай маусым болмасын лак жақпас бұрын арнайы базалық жабындылармен тырнақты сақтаңыз. Күн сайын май немесе қолға арналған крем жағып тұрыңыз. Сонда маникюріңіз түстің қателігіне немесе ауа-райына қарамастан, сізді де, өзгені де тартатын болады. 

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет: hochu.ua