Жазғы көйлекті салқын күнде қалай киюге болады?

Жаз аяқталып қалса да, жазғы жеңіл әрі әдемі көйлектерді шешкіміз кеймейтіні рас. Нақ қоңыр күз келгенге дейін мұндай сұлулықтан бас тартпауға да болады. Сүйікті селдір көйлекті салқын кештерде қалай киюге болады? Оның бірнеше тәсілі бар: 

Джинс күрте

Джинс күрте – күнделікті өмірге универсал киім. Мұны бір түсті көйлекпен қатар, флористикалық принттері бар киіммен де киюге әбден болады. 

Жемпір

Жеңіл әрі селдір көйлекті тоқылған оверсайз жемпірмен кисеңіз, еш өкінбейсіз. 

Тренч

Жаңбырлы күндері көйлекті тренчпен кию, бір жағынан, әдемі болса, екінші жағынан, мұндай ауа райына өте ыңғайлы. 

Блейзер

Көйлекпен киілген блейзер — кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас look. Сондай-ақ, кешкі кездесулерге black tie немесе cocktail стильге киюге болады.