- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы киімді күзде...
Жазғы киімді күзде қалай киюге болады?
Күздің келгені алғашқы ызғарлы күндерден байқала бастады. Киім сөрелеріндегі сүйікті жазғы көйлектер мен жұқа жейделермен қош айтысып үлгердіңіз бе? Гардеробыңызды маусымға лайық толық жаңартпағанша, жазғы киімдерді жаңаша үйлестіріп киіп көріңіз.
Гүлді сарафан
Жазғы жағажайлық киім деп танылатын бұл көйлек күзде де пайдалы бола алады. Жұқа сарафанның үстіне бір түсті водолазка киіп, соған сай аяқ-киім таңдап, ерекше сөмке не клатчпен үйлестіріңіз.
Макси белдемше
Өткен жазда макси белдемше кимеген ару қалмаған болар. Егер сіздің белдемшеңіз жеміс-жидек түсті болса, тіптен жақсы. "Неон" түсті бұндай белдемшені жылы, қарапайым түстермен үйлестіріп киіңіз.
Жібек жейде
Жаз бойы шешпеген жұқа жібек жейде күздік гардеробқа әбден кіре алады. Оны қара тар шалбар, джинсы не легинсымен кисеңіз болады. Алтын түстес аяқ-киім мен аксессуарлар киіп, кез келген кешке бара беріңіз.
Джинсы шорты
Күздің жылы күндері сүйікті жаздық джинсы шортыны киюден ұялмаңыз. Бұл бейне жарқын түсті күртеше не суреті көзге түсетін жейдемен жарасады.
Ал сіз жазғы киімді күзде қалай киюге кеңес берер едіңіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua
С. А