Жазғы гардеробқа қандай киім кіреді?

Сәнқой аруларымыз биылғы жаз маусымында қандай киімдер алғысы келеді? Базалық гардеробқа қандай үлгілер кіреді?

Жейделер

Ашық түстегі жеңіл, классикалық жейде алып қойыңыз. Оны сіз джинс шалбарымен де, классикалық белдемшемен де кие аласыз. Себебі жейде – кез келген стильге бағынатын сәнді элемент. Сол себепті кездесуге де, серуенге де, маңызды шараға да киіп баруға болады. Ең бастысы, әр шараға лайық аксессуар таңдай білу керек.

Миди белдемшесі

Жазғы белдемше түзу, қарындаш, трапеция пішінді және түрлі түсті бола береді. Белдемшеге үйлесетін киім табу да оңай. Кез келген ашық, нәзік түстегі жейде, топ, блузамен үйлестіруіңізге болады.

Жолақ көйлек

Жолақ көйлекті спорттық стильдегі аяқ киіммен үйлестіру - биылғы маусымның басты трендтерінің бірі. Әсіресе түзу, ұзын келетін көйлектер ерекше сәнді көрінеді.

Комбинезон

Комбинезон таңдауда әртүрлі түстегі, табиғи матадан тігілгенін таңдаңыз. Ұзын, қысқа, кең, тар келетін комбинезондар сәнді саналады. Оны қысқа топпен үйлестіруіңізге болады.

Толықша келетін аруларға кең, ұзын комбинезон жарасса, бойшаң, жіңішке аруларға қысқа, тарлау келетін комбинезон жарасымды.

Шілтер топ

Шілтер киім кез келген қызды сәнді әрі нәзік етіп көрсетеді. Сол себепті винтаж стиліндегі шілтер топ таңдап, киюіңізге болады.

Бауы бар топ

Бұл көптеген арудың шкабынан табылатын киім. Сол себепті кез келген киіммен үйлестіріп, жаздың ыстығында кие аласыз.

Сірісі жоқ туфли

Бұл аяқ киім әрі сәнді әрі ыңғайлы. Оның тұмсығы ашық та, жабық та болуы мүмкін. Бірақ кішігірім өкшесі болады.

Ал сіздің жазғы базалық гардеробыңызға қандай киім үлгілері кіреді?