- Негізгі бет
- Сән
- Жазғы етіктерді қалай...
Жазғы етіктерді қалай киеміз?
Күз жақындап, күн салқындай бастады, осы мезгілде киюге болатын аяқ киімдердің бірі – етіктер. Бұл маусымдық етіктерге ашық түсті, жұқа матадан немесе күдері теріден тігілген, торланған немесе әсемделіп ойылған етіктер жатады. Бұларды қалай үйлестіріп кию керектігін бірге талқылайық.
Фестиваль стилі
Көптеген музыкалық фестивальдар осы уақытта ұйымдастырылады. Осындай шаралар үшін гүл тоқымалары бар сарафан, джинс жилеті, көзге бірден түсетін көзілдіріктен керемет образ жасауға болады. Ашық аспан астында өтетін шараларға сабан қалпақтарды да киіп баруға болады.
Kate Moss for TopShop сарафаны, Current/Elliott джинс жилеті, Alexander McQueen білезігі, Mulberry сөмкесі
Кеңсе сәні
Таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейтін арулардың да көкейінде «Етікті кеңсеге қалай киемін?» деген сұрақ болады. Күдері етікке сәйкес блейзер, жібек жейде мен бір түсті белдемше киіп, іскерлік кездесулерге баруыңызға да болады. Жылы ауа райында ақ сары түс таптырмас образ болмақ.
Stella McCartney блейзері, Giambattista Valli белдемшесі, Uniqlo жейдесі, Saint Laurent сөмкесі
Ақ түсті бейне
Ешқашан сәннен қалмайтын ақ түс көңіл көтеруге кедергі болмайды. Ақ футболка мен шорты аяғыңыздың ұзындығын көрсетіп, дұрыс таңдалған аксессуарлармен назарда жүретін боласыз.
Шорты - Rag&Bone, Mango футболкасы, TopShop алқасы, Ralph Lauren көзілдірігі
Кешкі сән
Сауық кешіне қандай киіммен етікті киюге болады? Ұзын етекті көйлек немесе сарафан, былғары клатч, көлемді білезіктер немесе жарқыраған алқа және ең соңғысы – биік өкшелі туфлидің орнына ыңғайлы етік кисеңіз, өзіңізді жайлы сезінесіз.
Asos көйлегі, Lanvin алқасы, H&M қалпағы, Saint Laurent клатчы
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: elle.ru
Y. Smaghul