Жаздың соңғы айында трендте болатын киім үлгілері

Жаздың соңғы айында трендте болатын киім үлгілері
Фото: Гаухар Зукенова

Міне, жаздың екінші айы да соңына жетіп қалды. Алдағы тамыз айында қандай киімдер трендте болады?

Тамыз жаздың соңғы айы болса да, ең ыстық кездің бірі. Сол себепті киімдеріңіз жеңіл, жұқа, ылғал сіңірмейтін болуы керек.

Кең етек шалбар

Шабдалы түстес нәзік шалбар қара блуза, кофтамен жарасады. Шалбарыңыз кең болғандықтан, блузаңыз денемен дене болып тұруы керек.

Ерекше, ашық түстегі принт тек көйлек, белдемше мен кофтаға емес, шалбарға да жарасады. Принті бар шалбарды киетін болсаңыз, кофта не жейдеңіздің бір түсті болғаны жөн.

Бұл киім үлгісі жазда ерекше жарасымды. Ақ түстегі кең етек шалбар маңызды кездесуге, кешкі шараға лайық. Ал жолақ кофта - биылғы жаздың трендтерінің бірі.

Белдемше

Балетке арналған белдемшелердің сәнге кіргеніне көп болған жоқ. Көгілдір, алқызыл, лимон түстегі кең етек белдемшелер 15-25 жас аралығындағы бойжеткендерге жарасады.

Ал мына үлгідегі белдемше тойға, кешкі кездесуге арнайы тігілгендей. Аруды нәзік, тартымды етіп, адамдарды өзіне қарататыны сөзсіз. 

Көйлек

Көк түстің биылғы жаз трендінің бірі екенін талай рет айтқан едік. Тамыз айында көк түсті көйлектің ұзын және қысқа түрі гардеробыңызда болғаны жөн. Перфорация (тесіп тігу), гипюр көйлек 15-30 жастағы аруларға үйлеседі.

Алдыңғы суреттегі көйлектің белі қынама болса, мына үлгіде бос тұратын көйлекті көріп тұрмыз. Біріншісі кездесуге, жұмысқа, шараға лайық болса, екіншісін серуендеуге, демалысқа киюге болады.

Ал мына көйлек көзге ерекше түсетіні анық. Мата түсі көк, ал ішкөйлегі күлгін болғандықтан, әдемі көрінеді. Тесіліп жасалған мата биыл қайтадан сәнге келді.

Көйлек түсі көк болуы міндетті емес. Тамыз айында көкпен қоса, лимон, алқызыл, күлгін және ақ түстер трендте болады.

Жазды сәнді киіммен шығарып салыңыз. Бұл ақпаратты құрбыларыңызға таратып, вконтакте және фэйсбук желілерінде бөлісіңіз.

Ф. Абилова