Жазда тойға не киіп баруға болады?

Жазда басқа мерзімдерге қарағанда той өте көп болады. Қазір көпшілік тойға салтанатты киім таңдамайды, оның орнына кейін де басқа қонаққа немесе кездесуге киюге болатын әмбебап киімдерді алғанды жөн көреді. Ендеше, тойға киіп баруға болатын трендті әрі әмбебап киімдерді ұсынамыз.

New look стиліндегі көйлек

New look стилі классикаға жатады. New look стиліндегі көйлекке жіңішке бел мен көлемді белдемше тән. Әдетте, мұндай стильдегі көйлектердің ұзындығы миди болып келеді. Мұндай көйлек салтанатты киім үлгісін жасауға көмектеседі, бірақ ол көз тартарлық кешкі көйлектерге қарағанда ұстамдырақ. Мұндай көйлектер кез келген дене пішініне жарасады.

Арқасы ашық көйлек

Бір кездері кеуде тұсы ашық көйлектер сәнде болды, ал биылғы сәнге айналған жазғы көйлектерге мән берсеңіз, олардың арты ашық келген. Арты ашық көйлектер нәзік көрінеді. Әдетте, мұндай көйлектердің арқадағы ашық жері баулармен немесе шілтермен безендірілген болады. Мұндай көйлектердің алды жиі жабық келеді. Сондықтан оның сыртынан жакет іліп алу арқылы оны атмосферасы «ресми» мерекелерге де кие бере аласыз.

Коктейльді көйлектер

Коктейльді көйлектердің айырмашылығы неде? Бастапқыда, ол ұзын кешкі көйлектердің жеңілдетілген түрі болды. Оның ерекшелігі, біріншіден, тізеден жоғары тұратын ұзындық және екіншіден, жеңі мен жағасының болмауында еді. Ал қазір мұндай көйлектердің дизайны өзгерді және ол әртүрлі болуы мүмкін: оның жеңі немесе ерекше жағасы болуы да мүмкін. Дизайнерлер коктейльге арналған көйлектердің түр-түрін ұсынып отыр. Олар оған қолданылатын декормен тәжірибе жасауы мүмкін, бірақ қысқа немесе миди ұзындықты сақтайды және оның етегін өте үлпілдек етпейді. 

А-сұлбалы көйлек

А-сұлбалы көйлек денеде бос тұрады, сондықтан ол қозғалу кезінде ыңғайсыздық тудырмайды. Егер таңға дейін билейтін тойға баратын болсаңыз, оған осындай көйлек таңдаған дұрыс. Мұндай көйлекті тойға өкшесі бар аяқ киіммен кисеңіз, кейін кроссовкамен басқа жерлерге кие бере аласыз.

Смокинг-көйлек

Осы жылғы трендтің бірі — смокинг-көйлек. Бір жақсысы, оны тойға да, іскерлік кездесуге де және күнелікті серуенге де кие бере аласыз. Смокинг-көйлектің орнына жеңі жоқ жилет-көйлек таңдасаңыз болады.