Жазда сарғыш шалбарды немен киеміз?

Бірнеше жыл бұрын сарғыш шалбарлар сәнге айналды. Олар әлі де өзекті. Мұндай шалбарлар джинс шалбарларды алмастыра алады. Жазда оны қандай киімдермен үйлестіру стильді көрінетінін ұсынамыз.

«Ерлер» жейдесімен

Ең әмбебап үйлесім: белі жоғары тұратын классикалық сарғыш шалбар + оверсайз жейде. Жейденің ілгектерін тағып немесе ілгектерін ашық қалдырып, ішінен топ немесе футболка киюге болады. Бұл киім үлгісіне кроссовканы да, өкшесі бар аяқ киімді де таңдай аласыз.

Жеңі қысқа жейдемен

Жаздың ыстық күндеріне жақсы келетін сәнді киімнің бірі — жеңі қысқа жейде. Жейдені шалбар реңкіне сәйкес етіп немесе қарама-қарсы түсті түрін таңдауыңызға болады.

Майкамен

Майка — осы жаздың басты базалық киімі десек қателеспейміз. Бутиктерден майканың түр-түрін өзіңіз де байқаған боларсыз?! Майка мен сарғыш шалбарды үйлестіру арқылы минимализм стиліндегі киім үлгісін жасай аласыз.

Пиджакпен

Сарғыш шалбарды топпен киіп, сыртынан пиджак киіп алу арқылы стильді әрі ыңғайлы киім үлгісін аласыз. Мұндай киім үлгісін де ыңғайлы кроссовкамен де, өкшесі биік туфлимен де үйлестіре аласыз.