- Негізгі бет
- Сән
- Жаз сәні: бомбер...
Жаз сәні: бомбер
Былғары бомберді кезінде тек ұшқыш-бомбалаушылар киген. Сондықтан да «бомбер» деп аталады. Ол тек қазір ерлердің ғана емес, қыздардың да киімдерінің арасынан табылып жүр. Оларды жағасынан, түймелерінің орналасуынан ажыратуға болады.
Қыздарға арналған бомбер тарихи негізін сақтап қалған жоқ, яғни тек былғарыдан ғана тігілмейді, мақтадан бастап нейлонмен де тігіле береді. Қысқасы, қиялға шектеу қойылмайды.
Бір түсті бомберді де, спорттық үлгідегі бомберді де, санмен, команда атауымен жазылғандары да, тіпті гүлді-гүлді принтпен тігілетіндері де бар.
Бомберді немен киюге болады?
Бомберді стильді ететін бірден бір киім бұл – джинс шалбарлары. Класикалық үлгідегі болсын, бойфренд үлгісіндегі болсын, талғамыңызға байланысты жарастырып кисеңіз болады.
Ерекшелену үшін атлас бомберді ұзын жейдемен кисе болады. Тор көз жейде мен бос тұратын майка да бомберді ерекшелей алады.
Ал нәзік көрінгіңіз келсе, сәнді тік не кең етекті белдемшемен кисеңіз болады. Шілтерлі белдемше де жақсы жарасады.
Қара түсті тік және трапеция тәрізді көйлектермен кисеңіз артық етпейді. Ал бүрмелі көйлектермен бомбер кию тек кештерге арналады.
Г. Берік