Жаз – 2017: Сәнді шаш үлгілері

Жаз – 2017: Сәнді шаш үлгілері
Фото: vk.com

Шаш – адамның көркі. Адам өмірін өзгерткісі келгенде шашын кеседі. 2017 жылдың жазында қандай шаш үлгілері сәнде болады? Шашты қалай өзгерткен дұрыс?

Қысқа шаш 

Бұл жердегі басты тапсырма – әйелдің табиғи сұлулығын сақтап қалу қажет. Өйткені кейбір қыздар шашын қысқа етіп кестірген соң нәзіктігін жоғалтып еркекке ұқсап қалады. Ал нәзіктігі жоғалған әйелдің өзіндік энергиясы да азаятыны есіңізде болсын. Бұндай шаш адамның бет пішінін айқындап, мойнын ұзартып көрсетеді. Қысқа шашты безендіруге келсек, оны шашқа арналған құралдармен көтеріп қоюға болады. 

Кекілсіз каре 

Кекілсіз каре мойын мен иықты айқындағысы келген аруларға арналады. 2017 жылдың жаз айында каренің кекілсіз түрі сәнде болады.

Карені кекілмен қиям десеңіз

Ол да әбден болады. Өйткені бұл шаш сәні жылдан-жылға өмір сүріп келе жатқан "өміршең" сән. Бірақ жаздың ыстық күндерінде кекілді күту өте қиынға соғатыны тағы бар. 

Ұзын шаш үшін

Ұзын шашты түрлендіруге болады. Шаштың ұшын әртүрлі етіп қию қыздың ажарын ашып қана қоймайды, оны күтімді, сәнді етіп көрсетеді. Ұзын шаш ешқашан сәннен қалмайды.

Ассиметрия

Бұл – ерекше батыл қыздарға арналған шаш үлгісі. Шаш сәнінің ерекшелігі – әртүрлі болуында. Яғни "нақты осылай болуы керек" деп ешкім кесіп айта алмайды. Бірақ шашыңызды ассиметрия етіп қисаңыз, сәнді көрінесіз. 

Р. Роза