Жаздың жаймашуақ күндері кімге де болса шаттық әрі көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жазғы трендте назарда жүру үшін сұлулар киім үлгісіне де, шашына да, дене бітіміне де жазғы бояу қосуға тырысады. Қара түстен алшақтап, ашық түстерді таңдай бастайды. Маникюр әлемінде де осындай.
Қазіргі таңда Instagram-да арулар тырнақтарына жемістердің суретін бейнелеп әрлеп жүр. Пастельді түстердің бетіне тәтті жемістерді, балмұздақтар мен жидектерді бейнелеу – басты трендте.
Жазғы тақырыпта бейнеленген арнайы жабыстырғыштар да сәнге айналуда. Омбре үлгісімен жасалатын маникюрлерге шапақты күннің батуын бейнелеуге болады, ал френч үлгісін лимон түсімен бояп, қарбыздың, балмұздақтың суретін салса жарасады.