- Негізгі бет
- Сән
- Жаз-2016: Сабаннан жасалған...
Жаз-2016: Сабаннан жасалған бұйымдар
Сабаннан жасалған киім болсын, бұйым болсын, жаз стилін ерекшелеп тұрары сөзсіз. Әсіресе, сабаннан жасалған қалпақтар жағажай мен саябақтың көркін аша түседі: күннен де қорғайды әрі жеңіл, түсі де барлық киіммен сәйкеседі. Биылғы жылы сәнгерлер сабаннан жасалған басқа да бұйымдарға назар аудартады.
Сабаннан жасалған сөмке
Әсіресе, жағажай демалысы үшін таптырмайтын бұйым. Көлемі үлкен болған сайын әдемі әрі сәнді көрінеді.
Мұндай сөмкенің кішкентай үлгілерін, мәселен, клатч, сандық секілді қол сөмкелерді мерекелік кештерге ұстап баруға болады.
Сабаннан жасалған аяқ киім
Бір бөлігі немесе тұтас сабаннан тігілген аяқ киім жазғы сәннен қалған емес.
Әсіресе, биік өкшелі, палтформалы аяқ киімдер, эспадрильдер, тіпті балетка үлгісімен тігілген сабан аяқ киімдері гүлді өрнектермен безендіріліп, ару қыздарға нәзіктік сыйлап жүр.
Сабаннан жасалған қалпақ
Сабаннан жасалған қалпақ сән әлемінен жырақтаған емес. Ерлер де, әйелдер де өз стиіліне орайластырып кие береді. Осы ерекшелігімен даралана алады әрі жас талғамайды.
Әйелдер негізінен үлкен жиекті қалпақ таңдаса, қыздар қысқа жиектісіне мән береді. Ал тенденцияда қысқа жиекті сабаннан жасалған қалпақты кештерге, серуендегенде киюге болады, ал кең жиекті қалпақты жағажайда киген дұрыс. Сабаннан жасалған қалпаққа өз стиіліңізге қара сәндеуден қорықпаңыз, талғамыңыз бен таңдауыңызға қарай лентамен, помпомен әдемілеп киюге ештеңе кедергі болмайды.
Г. Берік