- Негізгі бет
- Сән
- Жаз-2012: Маусымның ең...
Жаз-2012: Маусымның ең сәнді сөмкелері
Сөмкенің түсі аяқ киіммен бірдей болу керек деп ойлайсыз ба? Бұл маусымда бұндай ереже тым жалықтырарлық болып көрінеді. Қиялыңызды қосып, сөмкені киіміңізге қарай емес, көңіліңізге қарай таңдаңыз. Сөмкеңіздің түсі мен пішіні, тігілген матасы айналаңыздағы бәрін таңдандырсын! Назарларыңызда жаздың ең сәнді сөмкелер топтамасы.
Білезік-сөмке
Қыздардың әшекей мен сөмкелерге деген құмарлығын дизайнерлер біріктіргенді жөн санады. Назарларыңызда білезік-сөмке. Қолға тағылатын бұл аксессуар кішкентай клатчтар да, белбеуі бар кішігірім сөмкелер де бола алады.
Сабан сөмке
Нағыз жаздық сөмке деп осыны айтыңыз. Ашық түсті, жеңіл, сабаннан өрілген сөмке. Бір айтып кететін жайт басқа аксессуарларыңыз сөмкеге түстес болған жөн. Ақ түсті киіммен ерекше жарасады.
Дөңгелек сөмке
Бұл маусымның сөмкелерге басты талабы тым үлкен болмауы. Сондай-ақ ерекше сәнді пішінді болып дөңгелек сөмкелері саналады.
Минодьер
Темекі сауытына (портсигар) ұқсас мына клатчтар осы маусымда дизайнерлердің жүрегінде орын алған сияқты. Кішкентай ғана минодьер өткен кезеңді еске түсіреді. Бұл сөмке кешкі салтанатты киімге ерекше жарасады.
Шашақты сөмке
Маусымның ең сәнді трендтерінің бірі - шашақты сөмке. Бұл сөмкені таңдағанда, арасынан ең үлкенің алсаңыз болады. Ал шашағы ең ұзыны сіздің сәнқой екеніңізді көрсетпей қоймайды.
Конверт-клатчтар
Бұл сөмке түрінің сәннен шықпағанына екінші жыл болды. Осы маусымдағы ерекшелік - түстердің үйлесімі. Жарқын, түрлі-түстісін таңдаңыз.
Ал сіздің сөмкеңіз қандай? Қайсысын таңдар едіңіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: fashion-fashion.ru, woman.ru.
С. А