- Негізгі бет
- Сән
- Жаз 2012: белдемшелер...
Жаз 2012: белдемшелер
Жаз - белдемшелер мен көйлектер кезі. Сондықтан уақытты қалт жібермей, жаз маусымының ең сәнді белдемшелерімен танысып, оларды иеленуге асығыңыз.
Ассиметриялы етек
Әлі де сәннен шықпаған макси ұзындықты белдемшелердің жалғасы ретінде ассиметриялы етекті белдемшелер сәнге кіре бастады. Маталары да өзгеріске ұшырамады: жарқын түсті мөлдір шифон қазірде нағыз тренд.
Баска
Баска - белдемше не көйлекті әшекейлейтін белдемшенің қосымша қабаты. Қарындаш белдемшесіне ерекше жарасатын баска келбетіңізді бір сәтте салтанатты қылып, бәрі үйреніп қалған классикалық белдемшені ерекшелендіре алады. Басканың үлкендігіне байланысты денеңіздің кемшіліктерін жасыра аласыз.
Деним
Джинсы шалбарлары гардеробымыздың басты бөлігіне айналса, жазда оларды джинсы белдемшелерге ауыстырса болады. Айта кетсек, деним белдемшелері бұл маусымда ерекше сәнді. Тізеге дейін қысқа не ұзын белдемше таңдасаңыз болады.
Қарындаш белдемше
Жұмыс жасайтын іскер арулардың сүйікті киімдерінің бірі - қарындаш белдемше. Классикалық киімді өзгертудің қажеті жоқ болып көрінсе де, дизайнерлер жазға арнап бұл белдемшелерді де өзгеруге бел буды. Гүлдермен әшекейленген белдемшелерді енді кеңседен басқа жерде де көре аламыз.
Трапеция
Ұзындықтары тізені жауып тұратын трапеция пішінді белдемшелер қайта сәнге кірді. Бұл маусымда ең сәнділері бір түстілері болмақ. Осындай белдемше кең бөксені жасырып, белді ерекшелеп тұрады.
Жолақ
Жазда ерекше танымалдыққа ие болатын тағы да бір тренд - жолақтар. Классикалық ақ-қара жолақтармен қатар, түстері мен өлшемдері түрлі жолақтар да сәнде. Жолақ пен иректер үйлесімі сияқты шешімдер ерекше көрінеді.
Жарқын түстер
Әрине, ақшыл, сары-қоңыр түсті белдемшелер нағыз жаздық тренд. Сонда да жарқын түсті бір белдемше сіздің гардеробыңызда артық болмайды. Бір түсті жарқын белдемше сіздің де, басқалардың да көңілін көтере алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: woman.ru