- Негізгі бет
- Сән
- Жасыруға тұрмайтын дене...
Жасыруға тұрмайтын дене ерекшеліктері
Әр заманның өзіне тән сұлулық стандарттары мен жинақы образдар болған. Бірнеше жыл бұрын арық болу, макияж танымал болса, соңғы жылдары табиғи сұлулық пен өзін-өзі қабылдау сәнге кіре бастады.
1. Тері ерекшеліктері
Таза, жұмсақ, мінсіз тері сұлулық стандарты ретінда саналады. Сол себепті әлеуметтік желідегі фильтрлер трендке айналды.
Бірақ кез келген адамның денесінде:
- акне;
- секпіл;
- мең;
- витилиго;
- туа бітті қал;
- тыртық.
Кей ерекшеліктерді қабылдау жыл сайын арта түсуде. Мысалы қал, витилиго, секпілді кемшілік деп саналмайды. Бірақ акнені әлі күнге дейін қоғам қабылдар емес. Акнеден адамдардың басым бөлігі зардап шегеді. Онымен күресу үшін ұзақ жылдар мен көп қаражат керек.
Бірнеше жыл бұрын бьюти‑блогер Эм Фордтың парақшасына бетіндегі безеу үшін түрлі жағымсыз пікірлер жазған болатын. Сондықтан ол видео түсіріп, оны таратқан еді. Кейін ол танымал видеолардың біріне айналды.
Егер адам бетінде акне болса, ол тазалық шараларын сақтамайды дегенді білдірмейді. Ол жұқпалы емес, кейбір косметикалық құралдар оны тіптен ушықтыруы мүмкін.
2. Ақ шаш пен әжім
Жарнама, медиа мен кинематограф адамның өз жасына көрінуі дұрыс емес, сұлулық тек жастыққа қан тән деген идеяны насихаттайды. Соның әсерінен әйел баласы алғашқы әжім түскен сәттен бастап, өзін жайсыз сезіне бастайды. Әрине, күтім жақсы. Дегенмен уақыт пен табиғи заңдылықтан қашып құтылу мүмкін емес.
3. Толықтық
Толық адамдарды еріншек деп кінәлап, жеген тамағы мен ішкен сусыны үшін жазғырады. Бұндай әрекетті қоғамда фэтшейминг деп атайды. Фэтшеймингтің денсаулықтың пайдасы жоқ.
Артық салмақ пен семіздікті жеңуге ешқашан күлкі, мазақ пен денеге деген жек көрініш көмектеспейді. Ұят пен өзін кінәлау жағдайды одан әрі ушықтырады. Толықтық еріншектің салдары емес, эндокринді ағзаның бұзылуы, генетикалық қасиет пен асқазан жұмысының бұзылуынан болуы мүмкін.
Т. Есқали