- Негізгі бет
- Сән
- Жаңа тренд: Саусақ...
Жаңа тренд: Саусақ ортасына киілетін сақина
Саусақтың ортасына киілген сақина осы маусымның басты трендіне айналмақ. Соңына дейін киілмей қалған сақина нәзік әрі сәнді көрінеді. Сіз де сән жаңалықтарынан қалмай, жаңа трендті өзіңізге киіп көріңіз.
Саусаққа, ал дәлірек айтқанда саусақтың ортаңғы буынына киілетін сақиналар шынымен бір қарағанда кішірейіп, саусаққа соңына дейін өтпей қалған сынды көрінеді. Бірақ сәнқой қыздар бұның нағыз тренд екендігін біледі.
Бұл трендті бастаған Chanel сән үйінің дизайнері Карл Лагерфельд оны күз-қыс 2013 маусымының топтамасына қосқан еді. Mid-finger rings деп аталатын сақиналарды енді барлық сән үйлері шығара бастады. Сол сәтте-ақ бұл әшекейдің танымалдығы артып, саусақтың жоғарғы буынына киілетін tip ring атты жаңа түрі де пайда болды.
Бұндай аксессуарды түрліше үйлестіріп кие аласыз: бір уақытта бір сақина не бірден он сақина да киюге болады, бұл киіміңіз бен бейнеңізге байланысты болады. Сақиналар кез келген бейнемен: романтикалық нәзік, ресми ұстамды және ойнақы не рок-н-ролл стильдерімен жараса алады.
Түрлі сақиналарды бір-бірімен үйлестіріп кигенде пішінімен де, түстерімен де тәжірибе жасап, күміс және алтын, тіпті тастары бар түрлерін үйлестіріп көріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: cosmo.com.ua
С. А