Ашық аяқ киімдер киетін мезгіл жақындады. Ол педикюр жасайтын кездің де алыс емес екенін білдіреді. Жапондық шұлық шығаратын бренд педикюр жасау міндетті емес деп ойлайды. Себебі олар педикюр боялып қойған шұлықтар шығарды. Әлеуметтік желілерде бұл жаңа өнім кеңінен таралып жатыр.
Өндірушілер шұлыққа педикюрдің әртүрін, мысалы, қызыл лакпен, суретпен, нәзік түстермен бояған. Педикюр жылжып кетпес үшін шұлықты "қолғап" секілді жасаған.
Мұндай шұлықтар ашық аяқ киім кигіңіз келіп, педикюрге уақыт болмаса, сәнқой қыздарды құтқаруы әбден мүмкін. Жазда көп жағдайда капронды шұлықпен ашық аяқ киімдер ыңғайсыз көрінеді. Бірақ жапондық бренд мұның да шешімін ойлап қойған. Олар шұлық ыңғайсыз әрі тұрпайы көрінбес үшін оны өте жіңішке капрон матадан жасаған.