Жаңа топтамада – кітаптағы кейіпкердің киімі

Жазушылардың жазған романына қатысты философиялық, лексикалық, синтаксистік, психологиялық, синтагмалық, парадигмалық сынды түрлі талдаулар жасаймыз. Алайда роман кейіпкерлерінің киім үлгілерін талдап, көпке ұсыну – жаңашылдық.

Дизайнерлерге шабыт сыйлаушы романдардың бірі «Дәрігер Живаго» болды. Авторы – Борис Пастернак. Көршілес ресейлік дизайнер Анастасия Романцова романның басты кейіпкерлерінің бірі Ларисаның киіну мәнеріне ғашық болып, оны өзге бойжеткендерге ұсынуды жөн көрген екен. Лараның образы заманауи ақшақарға ұқсайды.


...Күздің салқын жел соққан таңы. Бас кейіпкер терезенің тұсына келіп, терезеден әлемде не болып жатқанын бақылайды. Кенет мұздап, иығына тоқыма орамалды жамылады...


Оның гардеробында еденге дейін түсіп тұратын көйлектер мен жеңіл матадан тігілген кеудеше, пальто бар. Аксессуар ретінде муфтаны пайдаланады. Ең басты заты – жылытатын орамалы. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: spletnik.ru