«Жаңа толқын 2013» халықаралық жас орындаушылар фестивалі де өз мәресіне жетті. Байқаудағы жеңімпаздармен танысып та үлгерген шығармыз. Біз бүгін музыка тақырыбынан сән жаққа қарай ауыспақпыз. Юрмалада өткен байқауда қандай әншілер ерекше киім үлгілерімен көзге түсті? «Ең-ең» деген сәнді көйлектерді қарсы алыңыздар.
Дауыс арқылы жеңіске жеткен сәнді киімдердің арасында Наталья Подольскаяның шілтер көйлегі мен Полина Гагаринаның былғарыдан жасалған алқызыл баскасы, Альбина Джанабаеваның сүйкімді қара түсті комбинезоны мен Аида Гарифуллинаның үлкен сәнді белдемшесі бар.
Сонымен қатар, Dolce&Gabbana-мен сәнді киінген Светлана Бондарчуктың да талғамымен таласа алмаймыз. Кэти Топурияның көйлегі мен көгілдір түсті ақық тастары бар Ани Лорактың көйлегі де көңілден шықты. Айтпақшы, Ольга Крутаяның қызғылт сары көйлегі де көздің жауын алды.
Наталья Подольская
Полина Гагарина
Альбина Джанабаева
Кэти Топурия
Светлана Бондарчук
Ани Лорак
Аида Гарифуллина
Ольга Крутая
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: spletnik.ru, funrisers.ru