- Негізгі бет
- Сән
- Жаңа сән: Spirit...
Жаңа сән: Spirit Hoods бас киімдері
Spirit Hoods - түрлі жануарлардың кейпіне еніп, қыстың ызғарлы аязында жылы жүруге мүмкіндік беретін бас киімдер топтамасы. Табиғи жүннен жасалған бас киімдер жылылықпен қатар айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Олар әлемнің түкпірлеріне таралып, атақты жұлдыздардың таңдауына ілікті. Сән әлемінде сапалы әрі ең қажет аксессуар деп танылды. Лос-Анджелес қаласында Spirit Hoods брендімен өндірілуде.
Мұндай бас киім шығаруда америкалық брендтің мақсаты – адамдарды жануарлар әлемін қорғауға шақыру. Сол себепті таза жүнге ұқсас жасанды жүннен тігіледі.
Әдетте, Spirit Hoods бас киімдерін көпшіліктің назарында болғанды жақсы көретін адамдар киеді. Түлкі, қасқыр, ит, аю, арыстан, жолбарыс, қоян секілді жануарлардың кейпінде жасалған. Таңдағандарын ата-аналарымен қоса балалары да кие алады. Сәнінен бұрын бірегей аксессуардың мақсаты – бас киімде бейнеленген жануарларды суықтан қорғау. Осыған байланысты адамдарға ой салу.
Бір қарағанда мұндай бас киімдер тек балаларға ғана ыңғайлы болып көрінуі мүмкін. Бұның қате пікір екендігін егде жасқа келген жұлдыздар дәлелдеді. Spirit Hoods бас киімдері соңғы үлгі әрі ыңғайлы болғандықтан, көпшілікте бар болуы тиіс.
Бұл бас киімдердің арасынан барша жануарларды кездестіруге болады. Қыздар қауымы мысық, арыстан, барыс, жолбарыс бейнесіндегілерді көбірек таңдайды. Spirit Hoods компаниясы жануарларды қорғау үшін барын салатындықтан, жануарларға зақым келмейтіндігіне еш күмәніңіз болмасын. Бас киімді сатудан түскен ақшаның бір бөлігі жабайы аңдарды қорғауға арналған қорларға аударылады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kuponika.ru
Қ. Бүйенбай