- Негізгі бет
- Сән
- Жаңа жылдық тренд:...
Жаңа жылдық тренд: барқыт
Фото:
vk.com
Жаңа жылдық кешке әркім әртүрлі дайындалады. Осы күнге арнайы кешкі көйлектер аларда біреулер келер жыл жарқын болсын деген ниетпен қызыл түсті таңдаса, енді біреулер байлыққа кенелгісі келіп алтын түсті киім сатып алады. Бұл қазір ырымға айналған десек қателеспейміз.
Ал, біз өз оқырмандарымызға осы күз бен қыстың басты тренді болған барқын матаны таңдауға кеңес береміз. Ал, қандай түсін киемін десеңіз де өз еркіңіз. Бір жақсысы, оны жаңа жылдық кештен кейін де кие аласыз. Мысалы, барқыт көйлек театрға барғанға ең ұтымды таңдау екеніне ешкімнің таласы жоқ шығар.
Барқыт көйлекпен ірі әрі жылтыр аксессуарларды қорықпай таға беруге болады. Себебі, максимализм сәнге қайта оралды.
А. Оралқызы