Жаңа жылдық маникюр

Тырнақ күтімі мен нейл-арт саласының мамандары алдағы жылы сары, алтын, қоңыр, тиффани түсі, таза ақ, қызғылт түстің сәнде болатынына сенімді. Градиентті маникюр, френч пен күңгірт стиль өзектілігін жоғалтпайды. Жаңа жыл кешіне дайындық кезінде тырнақты әрлеуді естен шығармағаныңыз жөн. Егер қандай стильдер сәнде деген сұрақ мазаласа, онда біз бірнеше үлгіні ұсынамыз.

Келер жылда өткен жылғы трендтер сақталады. Дегенмен, биыл дизайнда минимализмді көбірек қолданып, бірнеше бояуларды араластырудан алшақ болғаныңыз жөн. Жаңа жылдық маникюрге мыналарды пайдалансаңыз болады. 

• жылтыр
• акрильді опа
• моншақтар
• жұқалтыр (фольга)
• камибуфуки (түрлі-түсті жапсырмалар)
• принттер 

Соңғы жарты жылда сәнге кірген тырнаққа салынатын суреттерден аулақ болғаныңыз жөн. Оның орнына жаңа жылдық тақырыпқа сәйкес келетін суреттерді қолданыңыз: бұғы, қаршы, ақшақар, Аяз ата, отшашулар. Сурет кішкентай әрі жинақы болу керектігін естен шығармаңыз.

Сонымен қатар, ақ түс жыл түсі саналатындықтан, ақтың түрлі реңктерін қолданудың өзі сәнді көрінеді.