Бүкіл саналы ғұмырын Сән інжілі саналатын Vogue журналыныңөркендеуіне жұмсаған Грейс Коддингтон креативті директор қызметінен кетсе де, өндірістен кеткен жоқ. Нағыз іскер ретінде барша әлемді тәнті еткен қызыл шашты сиқыршы өзінің ток-шоуын ашатын болды. Face to Grace аталатын бағдарламаның премьерасы алдағы күздің алғашқы айында өтеді. Made to Measure (M2M) арнасы қашан да сән әлеміндегі тың идеяларға жол ашып, қолдау көрсетіп отырады. Енді Коддингтонды бағалайтындар осы арнаның тұрақты көрермені айналады. Осы салада жүргеніме жарты ғасырдай уақыт болса да, әлі күнге дейін қобалжу бар. Бұрын интервью жиі алатынмын, бірақ, жазба сұхбат кезінде телебағдарлама секілді бәрін бастан-аяқ қадағалау отырудың қажеті болмайтын. Бұл жолғы ісімнің жауапкершілігі жоғары, сол себепті алғашқы қонақтарым әңгімелесуге жеңіл, өзім араласатын тұлғалар болмақ, - деді Грейс. Онымен бұрын бірлесе жұмыс жасағандар қатарында Дэвид Бейли, Сесил Битон, Ги Бурдена, Артур Элгорт, Стивен Кляйн, Энни Лейбовиц, Стивен Майзель, Хельмут Ньютон, Норман Паркинсон, Ирвинг Пенн, Лорд Сноудон, Марио Тестино және Брюс Вебер секілді барша әлемді мойындатқан алпауыттар және 60-ыншы жылдардан бастап осы күнге дейінгі атағы бәсеңдемеген Пенелопа Три, Джерри Холл, Линда Евангелиста, Кристи Тарлингтон Бернс, Наоми Кэмпбелл сынды сән бикештері де бар. Ток-шоу қонақтары тізімінен осылардан өзге де әлемдік танымал тұлғаларды көреміз деген үміт бар. Грейстің таланты бағаланып, абыройының асқақтап тұруына оның ұстанатын қағидалары да ықпал ететіні анық. Сол себепті, жастарға пайдасы тиіп қалар деген ойларын сұхбаттарынан іріктеп алып ұсынып отырмыз. Коддингтонның кеңестері: Көздеріңізді әрқашан ашық ұстаңыз. Себебі, көрген әрбір нәрсеңіз Сізге шабыт беруі мүмкін Грейс: Мемуарлар кітабы, 2012 Сән деген тек көйлектер ғана емес. Бұл оған қоса, біздің үйіміз, бақшамыз және ішіп-жейтін асымызMore Intelligent Life басылымы, 2011 Менің ойымша, адамдар сән әлеміне аса мән беріп, 'Менің жұлдыз болғым келеді' деп армандағанға қарағанда, өз жұмыстарынан нәтиже шығарып, соған уақытын арнағаны жөн The Guardian interview, 2012 Әрқашан адамгершілік қасиетіңізді көрсетіңізThe Guardian interview, 2012 Сән өндірісінде есінен ауысқан адамдар көп. Бірақ, жақсылары да бар, Сізге оларды ажырата білген жөнThe Guardian interview, 2012 Тым нәзік болма, ол өз жолыңды салуға кедергі келтіредіThe September Issue, 2009.