Бүгін Нью-Йорк қаласында 85 жасқа қараған шағында АҚШ-дың экс бірінші ханымы Жаклин Кеннедидің сіңлісі Ли Радзивилл өмірден озды. Соңғы жылдары Ли Альцгеймер ауруына шалдыққан еді.
Каролина-Ли Бувье 1933 жылы дүниеге келген. Үш рет тұрмыста болған. Бірінші жолдасы Майкл Кэнфилд танымал америкалық баспагер Касс Кэнфилдтің ұлы болатын. Екіншісі — поляк князі Станислав Радзивилл. Ол князьбен 1974 жылға дейін бірге тұрды. 1988 жылы Ли америкалық режиссер әрі хореограф Герберт Росспен шаңырақ көтеріп, бірлескен отбасылық өмірі 13 жылға созылды.
Ли Радзивилл 10 жыл бойы Giorgio Armani берндінің PR бөлімінде жұмыс істеді. Ол Ив Сен-Лоран, Энди Уорхол, Рудольф Нуреев, Джамбаттисто Валли, Марк Джейкобс сынды сән өндірісі алпауыттарымен бір ортада жүрді. 2013 жылы The Guardian басылымы Ли Радзивиллді "50 жыл стиль иконасы болған 50 адам" қатарына қосты.