Жағажайлық топ-5 аксессуар

Жаз-2012 шомылу маусымы ашық деп жариялады! Шетелге барып шомылсаңыз да, өзіміздің көлдерімізге демалысқа барсаңыз да, жағажайға өзіңізбен бірге мына аксессуарларды алуға ұмытпаңыз.

Кең жиекті қалпақ

Қалпақ - күннен қорғайтын жаздық сәнді аксессуары. Күнделікті өмірде бұл бас киімді киіп үйренбесеңіз де, жағажайда қалпақты аңсап қалмаңыз. Сізді сәнді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар күннің өтіп кетуінен сақтайды.

Қысқа топ

Жағажайда суға түсетін киімнің кеудешесінің үстіне кие салуға ыңғайлы, жеңіл, қысқа топ нағыз жағажайлық киім. Қала көшелерінде ашық топты киюге ұялсаңыз, жағажайда бұл киім түрі өте орынды болмақ.

Креативті көзілдірік

Тым үлкен, дөңгелек не үшкір, ретро стиліндегі көзілдіріктер қазірде нағыз сәнді трендке айналды. Жағажайлық көзілдіріктеріңіз көзге түсетін ерекше болса, күн сәулесінен ғана сақтап қоймай, көңіліңізді көтеріп отырады.

Мата сөмке

Ішіне аты аталған аксессуарларға қоса косметика сыю керек екенін есепке алсақ, бұл сөмкеңіз үлкен болуы тиіс. Қуанышымызға орай жағажайлық мата не тоқылған сөмкелер жеңіл әрі өте үлкен болады.

Парео

Үлкен жұқа орамал жағажайдағы таптырмас аксессуарлардың бірі. Суға түсетін киіммен жағажай аралауға ұялсаңыз, осындай пареоның бірін тағып алыңыз. Сондай-ақ пареоны байлау тәсілдері толып жатыр. Оның түсін суға түсетін киіміңізге және басқа да аксессуарларға қарап таңдағаныңыз дұрыс. 

Демалысыңыз көңілді өтсін!

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: ua.oriflame.com, vk.com.