- Негізгі бет
- Сән
- Иіссу таңдау ережелері...
Иіссу таңдау ережелері
Иіссуды жасыңызға қарай таңдаңыз. Қыздар гүлдің иісі шығатын нәзік, жеңіл иіс таңдағаны жөн. Ал өткір, шығыстық иіс әйел адамдарға арналған.
Иіссуды флаконынан не арнайы құралдарға сеуіп иіскегеннен кейін, өз денеңізге сеуіп көріңіз. 10 минут уақыт өткеннен кейін ғана иіскеңіз, себебі әр иіссу әр адамда түрлі иісте шығуы мүмкін.
Өзіңіз таңдай алмаймын десеңіз, жаныңызға шын жанашыр жақын адамды ертіп алыңыз. Ол иіске сырттай баға береді.
Сапалы, табиғи тауарлар сататын дүкеннен ғана сатып алыңыз. Себебі сапасыз иіссудың иісі денеде ұзақ сақталмайды. Имиджіңізге нұқсан келтіргіңіз келмесе, арзан әтірлерден аулақ болыңыз, адам иіссудан ақша аямауы қажет.
Иіссу таңдауға барар кезде не ішіп-жеп, не тағатыныңызға да мән беріңіз. Металл жүзік, білезік тақпағаныңыз жөн. Иіссу сататын дүкенге барарда дәмді, ащы тамақ жемеңіз. Таңертеңгі мезгілде иіс сезу қабілеті жақсырақ болатынын да ескеріңіз.
Иіссуды жылдың қай мезгілде алатыныңыз да маңызды. Жаздық иіс пен салқын уақыттағы иіс бар, бұл жөнінде дүкендегі кеңесшінің пікіріне құлақ түрсеңіз болады.
Адам дүкенде тұрғанда 4-5 иіссуды иіскеп көргеннен кейін иісті ажырата алмай, «басы айналады». Мұндай жағдайда араға үзіліс жасап, кофе иіскеп алған да пайдалы.
Романтикалық кешке барарда эфир майынан жасалған және жұпар су таңдауға болады, ал көпшілік орынға барарда қанық иісті иіссу себіңіз, ол сізді өзгелерден ерекшелей түседі.
Иіссуды қалай себуіңіз де маңызды. 30 сантиметр арақашықтыққа сеуіп, жаңбыр астына кіргендей иіссуға бүркеніңіз. Сонымен бірге шашқа, құлақ артына, білекке себуге болады. Киім шкафыңызға сеуіп қойсаңыз, барлық киім хош иістеніп тұрады.
Өзге косметикалық құралдардың иісі жоқ түрін таңдаңыз, себебі олар иіссумен диффузияға түсіп, иістері өзгеріп кетеді.
Иіссуды ылғалды жерде де, жоғары температурада да, күн көзінде де сақтауға болмайды.
Иіссудың қымбатын алған жөн екенін ескерттік, сол себепті бірден ұнатқан иіссуыңызды бас салып сатып алмаңыз. Алдымен «сынама» нұсқасын алыңыз, бірнеше ай бойы сепкенде әлі де ұнайтынына сенімді болсаңыз ғана сатып алуға болады.
@. @assel_assanova