Өткен аптада Токио қаласында «Miss International – 2014» әлемдік сұлулар сайысы өз мәресіне жетті.
Ең алғаш «Miss International» конкурсы 1960 жылы Калифорнияда бастау алып, кейін 1972 жылдан бері Жапонияда жалғасын тауып келеді. Сайыстың басты мақсаты, арулардың сымбатын, көркін бағалау болса да, «Мисс» атағын алу үшін жанының тазалығы мен көркем мінезі де ескеріледі.
Бұл сайыстың нәтижесі бойынша, сұлулардың Отаны ретінде Венесуэла Республикасы танылған. Елу төрт жылда бұл елдің сұлулары алты мәрте жеңімпаз атанған. Екінші орында – төрт рет «Мисс» атанған Филиппин қыздары. Ал Қазақстаннан бұл додаға қатысуға әлі ешкім тілек білдірмеген екен.
Биылғы жылдың «сұлуы» атағына Пуэрто-Рикодан келген модель Валери Эрнандез лайық деп танылды. Пуэрторикалық қыздардың бұл – екінші жеңісі. Валери 2012 жылы «Miss Teen International» атанып, 2014 жылы «әлемдегі ең сұлу ару» екенін мойындатты.
Валери Эрнандездің бірнеше фотосуретін назарларыңызға ұсынамыз:
Сурет: baku.ws