Дизайнерлер гүл суреті бар киімдердің әлі де сәнде болатындығын айтады. Осыны естіген нәзік жанды аруларымыз тек гүлдей болып құлпырып қана қоймай, оған орануды жөн көруде. Бұл маусымда қысқа балақ шалбардан бастап еденге сүйретілген көйлектерге дейін гүлмен безендірілген. Оны сіз де байқап көріңіз.
Oscar de la Renta, Dolce & Gabbana
Көйлектер. Гүлді көйлектер дизайнерлерге қиялын жүзеге асыруға көптеген мүмкіндік сыйлауда. Көпшілігі 60 жылдардағы сәнге ұқсайды: етегі барынша кең, ал бел бөлігі тарылған. Қыз баласына нәзіктік сыйлайды.
Delpozo
Alice+Olivia
Carven
Giambattista Valli
Dolce & Gabbana
RED Valentino
Moschino
Белдемше. Бұл романтикалық образ бен Одри Хэпберн стилін жақсы көретін бойжеткендер үшін таптырмас киім. Бір ерекшелігі оны спорттық аяқ киіммен де киюге болады. Ал жұмысбасты қыздарда гүлді әрі классикалық кеудешемен киюге болатын түрін таңдау мүмкіндігі бар.
Lela Rose
Carven
Alberta Feretti
Delpozo
Oscar de la Renta
Miu Miu
Michael Kors
Шалбар. Гүлді шалбарлар бір қарағанда жатарда киетін пижамаға ұқсайды. Оқудан қолы босап, демалуды ұйғарған жандар үшін мұның еш ағаттығы жоқ. Биыл жібек матадан тігілгендері сәнде.
Dries van Noten
Erdem
Biyan
Diane von Furstenberg
Elizabetn & James
J.Crew
Marc by Marc Jacobs
Moschino
Бомберлер мен свитшоттар. Мұнымен қатар, көше сәні гүлді принтке де назар аударды. Бірақ ағылшын дизайнерлері романтикалық гүлдерді тропикалық өсімдіктермен алмастырған екен.
Christopher Kane
Marni
Erdem
Just Cavalli
Emma Cook
MSGM
RED Valentino
Mother of Pearl
Қысқа балақ шалбар. Бұлар да өз кезегінде гүлмен безендірілді.
Etro
Giambattista Valli
Miu Miu
Stella McCartney
Maison Martin Margiela
Maison Martin Margiela
Maison Martin Margiela
Аксессуарлар. Түрлі-түсті киім киюді ұнатпасаңыз, гүлдің суреті бар аксессуар алыңыз. Көбінесе дизайнерлер аксессуар ретінде біз өкше туфли мен кішкене сөмкелерді ұсынады.
Givenchy
Alexander McQueen
Marc by Marc Jacobs
Miu Miu
Dolce & Gabbana
MSGM
Oscar de la Renta
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vogue.ua