Гүлдерді сүймейтін нәзікжанды бар ма екен? Өздері секілді нәзік, әсемдікке үндестік беретін осы гүлдерді олар үнемі жанында ұстап жүргісі келетін болар. Әттең, әнде "Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті, ұзақтау екен шын гүлден" демекші, ұзақ өмір сүрмейтіндері өкінішті.
Бірақ, Сара Смит есімді суретші бұл заңдылыққа өзгерту енгізген екен. Ол тек суретші ғана емес, әшекей бұйымдар да жасайды. Сара әр бұйымына табиғаттың бір бөлшегін қосып отырады. Мысалы жапырақтарды, ұсақ гүлдерді, кейде майда тастарды да пайдаланады екен. Бір бұйымды жасауға суретші 2-3 апта жұмсайды екен. Олай босла, табиғи өнер туындысына назар аударыңыздар.