Қазақ қыздары шаш күтіміне ежелден ерекше көңіл бөлген. Апаларымыз бен жеңгелеріміздің жолын ұстанып, шашты өріп қойсақ, кедергі келтірмей жинақы тұрғаны өзімізге де ыңғайлы. Олай болса, сіздерге оңай өрілетін әрі шашты жинап тұратын өрім түрін ұсынамыз.
Алдымен шашты екіге бөліп, әр бөлігін көлденең тағы да екі бөлікке бөлеміз.
Жоғарғы және төменгі бөлік шатасып кетпес үшін суреттегідей етіп резеңкемен ұстатып қойсаңыз болады.
Өруді бастаймыз.
Жоғарғы бөлікті тек үстінен алып өріп отырамыз.
Өрімді айналдыра келіп, шаштың бөлінген тұсынан өруді тоқтатамыз.
Ұшын резеңкемен бекітеміз.
Оң жақтан бастап төменгі бөлікті алдыңғы әдіспен өреміз.
Сол жақтан өрген өрімімізді оң жақтан алып келе жатқан өрімге қосып, бірге өреміз.
Бұл жерде астынан да, үстінен де алып отырып өреміз.
Соңына дейін өріп шығамыз.
Өрімнің ұшын гүл секілді айналдырып, "күлтелерін" ашамыз.
Міне, сәнді өріміміз дайын!