- Негізгі бет
- Сән
- «Грэммидегі» әшекейлер...
«Грэммидегі» әшекейлер
Ашық түсті көйлектер, жылтырақтар мен декольте «Грэмми» марапаттау салтанатының басты тренді болды. Голливудтың қалыпты дәстүрі бойынша - оларды жарқын аксессуарлар толықтырып тұрды. Көздің жауын алатын гауһар тастар жарқыраған жұлдыздардың бейнесімен шағылысып, фотографтардың назарына ілігіп жатты.
Мадоннаның таңдаған костюмімен қатар әшекейлері де ерекше болды: жылтыраған перчатка мен аты-жөнінің бірінші әріптері жазылған жүзік
Луиза Рой пішіні біркелкі емес тастары бар жүзікті таңдапты
Фэйт Эванс Prada-ның былғары клатчтарына деген махаббатын білдірді, сонымен қатар көлемді жүзігі көзге бірден түсіп тұрды
Кэти Перри кеш бойы нәзік бейнесімен жұртты тәнті етті. Бейнесін аметист жүзігі мен сырғасы толықтырып тұрды
Бұл кеште Сиара Emilio Pucci көйлегімен ғана емес, жүзігімен де жарқырап жүрді
Классика – Пол Пэттонның гауһар жүзігі.
Пэрис Хилтонның жүзігіндегі гауһар тастар, көйлегі мен тырнағындағы страздар сияқты жарқырап тұрды
Наташа Бедингфилд Emm Kuo клатчымен және Samantha Wills әшекейлерімен
Пинк түрлі-түсті тастары бар әшекейді таңдапты
Сара Хайланд бейнесін ерекше пішінді жүзікпен және Edie Parker-дің клатчымен толықтырыпты
Кайя Джонс мынадай ерекше білезігімен көзге түсті
Алисия Куорлз гауһар тасты екі жүзікті біріктіріп, көйлегінің өнректерімен үйлестірген
Ариана Гранде гауһар тасты және маржан тасты екі түрлі жүзікті өзара үйлестірген екен. Және трендтегі саусақтың ортаңғы буынына киілетін сақинаны да ұмытпапты
Алиша Кис бриллиант тастары бар ірі жүзікті таңдаған екен
Сом жүзіктер Келли Осборнның бейнесін аша түскендей
Рита Ор Lorraine Schwartz жүзіктерінің бәрін тағып алғандай
Тейлор Свифт және оның сом жүзігі
Эмбер Роуздың ірі тасты жүзігі
Бейонстың таңдауы — әр саусаққа бір жүзіктен
Кристи Тейген тырнақ бояуына сәйкес жүзікті таңдапты
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Жүзікті қандай саусаққа салған дұрыс?
A. Mustafina