- Негізгі бет
- Сән
- Ғасырлық тарихы бар...
Ғасырлық тарихы бар Vogue Paris журналының 1000-шы саны шықты
Фото:
vk.com
Сән інжілі саналатын Vogue Paris журналының 1000-шы саны шықты. Ол сән әлемінің 4 астанасы – Лондон, Нью Йорк, Милан, Париж қалаларына арналды.
4 түрлі мұқабасы бар қыркүйектік басылымға голландиялық модель Рианна ван Ромпей таңдалған. Суреттер авторы – фотограф Аласдер Маклеллан.
"Келесі жылы Vogue журналы 100-жылдық мерейтойын атап өтеді. 1920-шы жылдан бері журнал редакциясында жұмыс істеген дизайнер, суретші мен журналистердің нағыз маман болғанының арқасында Vogue Paris сән өндірісінің Олимпына тұрақтады" – деді журналдың редакторы Эммануэль Альт.
А. Оралқызы