- Негізгі бет
- Сән
- Гардеробты күзге дайындайық...
Гардеробты күзге дайындайық
Күз бастала салысымен дүкен сөрелері бізді мағынасыз және рақымсыз шоппингке шақырады. Бәрін бірден сатып алғымыз келетін құштарлықпен күресуді бастаймыз. Бәрі жаңа! Бәрі осы маусымда сәнді!
Алайда, осы маусымнан кейін басқа маусым келетінін, гардероб тағы да ауысатынын ұмытпаңыз. Ақылға салып, бір-екі реттен кейін кимейтін киімдермен шкафты толтырып тастамаңыз. Гардеробты күзге оңтайлы жолмен, әрі үлкен шығынсыз дайындауға болады.
1. Салқын күндері киетін барлық киімдеріңізді шығарып, киіп көріңіз. Қайсысын анық ауыстыру керектігін анықтаңыз. Киімдеріңізді бір-бірімен үйлестіріп көріңіз, нақты қандай киімдер жетіспейді екен? Жазып алыңыз.
2. Жаңа киім ала бергенше, жақсы бір аксессуарлар сатып алыңыз: жаңа аяқ-киім, әдемі шарф немесе өзіндік бір белбеу қарапайым водолазканы немесе көйлекті жаңаша жарқыратып жібереді.
3. Аяқ-киімдеріңізге де ревизия жасаңыз – бәлкім кейбірі жөндеуді талап ететін шығар? Су өтпейтін аяқ-киімдеріңіз бар ма? Қолшатырыңыз ше?
4. Егер күзгі гардеробты жыл сайын ауыстырып тұруға жағдайыңыз болмаса классикалық фундамент құруды бастаңыз. Классикалық киім ешуақытта сәннен шықпайды, әсіресе фигураңызға сай, жүзіңізді ашатын, сапалы киім болса.
5. Сауда жасап жатқанда алда қыс келе жатқанын және жібек блузкада тоңып қалуыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз. Мақта матадан немесе жұқа жүннен тігілген блузка таңдасаңыз әлдеқайда тиімді болар еді.
6. Бәріне мәлім ақиқатты ұмытпаңыз: саннан бұрын сапа! Шкафыңызды пайдасыз дүниелермен толтыра бермей, біртіндеп сапалы, әдемі киімдердің негізін қалаңыз.
7. Тамыз айында көптеген дүкендер жаздық киімдердің сатылымын бастайды. Соны пайдаланып, келесі жазға сәнді көйлектерді алып қойыңыз. Келесі жылы жаздық гардеробты дайындап жатқанда өз-өзіңізге рахмет айтасыз.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina