Ғаламтор желісінде даңқты дизайнер Ив Сен-Лоранның мансабындағы ең маңызды The Scandal Collection топтамасына енген киімдер сызбалары пайда болды.
1971 жылы жұртшылық назарына ұсынылған киім үлгілеріне сыншылар теріс баға беріп, қажет деңгейде түсіне алмады. Қазіргі таңда сән әлеміндегі ең беделді саналатын сән үйінің өзіне ғана тән ерекшелігі көпшілікті баурап алған. Ақындардың қолжазбасы сынды ғаламторда пайда болған сызбалардың құндылығы өте жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, биыл дизайнер құрметіне Париж бен Марракеште екі мұражай ашылады. Екеуі де Pierre Bergé — Yves Saint Laurent қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр.