Бұл рейтингті еуропалықтар жасаған екен. Қай елдің бойжеткендерінің өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға құмар екенін біздің материалымыздан оқи аласыз.
1. Вьетнам қыздары
Бұл елдің нәзік жандылары америкалықтармен соғысынан бастап көзге іліне бастапты. Тіпті, соғыс кезінде-ақ әр ұлт өкілдерінің бас қосуы жаңалық емес-тін. Осы кезде вьетнамдық қыздар әдемі, мәдениетті әрі экзотикалық сұлулық иесі деген стереотип қалыптасты. Соғыс тақырыбына түсірілген фильмдер болсын, жазылған кітаптар болсын, вьетнам аруы тақырыбын көтерді. Вьетнамдық қыздардың жоғары сұранысты болуын олардың аздығымен түсіндіруге болатын шығар. Себебі, олар көп жағдайда интернет пайдаланбайды, ауылдық елді мекендерде тұрады.
2. Бразилия қыздары
Бразилия қыздары әрқилы. Фильмдерде, фотоальбомдарда, жарнама постерлерінде олардың көздері үлкен, ат жақты, айрықша сұлулары бейнеленетіндіктен, бразилиялық қыздар туралы ортақ түсінік те солай қалыптасып үлгерді. Бразилиялық телехикаяларды көрсеңіз, бұған көз жеткізесіз. Бастапқыда Бразилия бойжеткендерінің әрқилы болатынын бекер айтқан жоқпыз. Себебі, бразилиялық қыздың ортақ, жалпы протатипі жоқтың қасы. Олардың бойында ақ нәсілдің, қара нәсілдің, латынамерикалық нәсілдің, тіпті үнді нәсілінің де қаны кездесе береді екен.
Еуропалық жігіттер осы елдің бойжеткендерінен бір ғана кемшілік көреді. Бұл кемшілік – бразилиялық қыздардың тек испан тілінде ғана сөйлеуі.
3. Қытай қыздары
Азияның нағыз сұлуын іздеген адам, еуропалықтардың ойынша, Қытайға баруы керек екен. Бұндай сұлулықтың кілті – өзге ұлт өкілдерімен қан араластырудың өте аз екендігінде. Олардың түр-түсі келіскенімен, мінездері тым қатал деген стереотип қалыптасқан. Олардың басты кемшілігі тіл білмеуінде және өзге елде өмір сүруге деген мүмкіншілігінің төмендігінде. Өзге мәдениетке үйренісіп кетуі қиын болғандықтан, оларға қосылған күйеуі де қиындыққа тап болады-мыс.
4. Үндістан қыздары
Үндістер Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң батысқа қарай ойысқаннан кейін көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бірақ дәстүрінің мықтылығынан олар барған еуропалық елдер өкілдерімен етене араласып кетпей, қан тазалығын сақтап қалған. Үнді отбасында бүгінге дейін ата-ана қалауымен атастырып қойылған адамға тұрмысқа шығу дәстүрі сақталып келген. Ұлыбритания, Италия, Франция секілді еуропалық елдерге көшіп барған үндістер көп жағдайда өз ұлтының адамына тұрмысқа шығуды жөн көреді. Дегенмен өзге ұлттармен бас қосқан жұптардың балалары әдемі болып өскен екен. Оған қазіргі тамыры үнділерден тараған актерлар мен фотомодельдерді мысалға келтіруге болады.
5. Тайланд қыздары
Кедейлік проблемасы, жалғыз басты әйелдер мен жалпы қыз атаулының көптігі тайландтық бойжеткендердің өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуына кедергі болып отыр. Сонымен қатар, тайлықтардың психологиясында ақ нәсілді адамдарды өзінен жоғары санау түсінігі әлі де қалып қойған. Тайлық қыздар көбінде қара болғандықтан еуропалық жігіттердің мүмкіндігі өте мол.
Тайлық қыздар көп жағдайда өз сұлулығын ойлайтындықтан, олардың ана болу ісіне немқұрайлы қарайтыны, ал осыдан оларда ажырасудың көптігі анықталыпты.
6. Украина қыздары
Бұл мемлекет өзінің өте сұлу қыздарымен мақтанады. Украиналық қыздар білімге көп мән береді, бірнеше тіл біледі, өзге елде жұмысқа орналасып, өмір сүре алу мүмкіндігі жоғары. Оларда ерлері–казактар әрқашан соғыста болғанда әйелдері қалған жұмыстармен өздері айналысқан деген түсінік қалыптасқан. Яғни, украиналық қыздар пысық деген сөз.
7. Доминикан қыздары
Доминикан Республикасында 2 миллионға жуық қыз бар екен. Бұл елдің қыздары тамақ дайындау, үйге қарау, бала тәрбиелеу ісінде үздік саналады. Елде күйеулерінің әйел көзіне шөп салуының жиілеп кеткені соншалықты, бұл жағдай оларда үйреншікті әдет болып саналады-мыс. Сондықтан да, доминикандық қыздар бұл әдетке жабайылық деп қарайтын ұлт өкілдері арасынан күйеу іздейді.
8. Колумбия қыздары
Колумбиялық бойжеткендерге деген қызығушылық әлемде артып келеді. 1980 жылдардағы есірткі бизнесі мен коммунизм келмеске кетіп, бұл елдің қыздарына деген сұраныс көбейген. Оңтүстік Американың ең сұлу сеньориталары көбінде спорттық түр-тұлғасымен тамсандырады. Сонымен қатар, бұл елде би өте қатты дамыған. Бұл елдің көпшілік ер азаматтары соғыстан азайып, қалғандары елдегі бүліктердің нәтижесінде түрмеге тоғытылған. Сондықтан да елде нәзік жандылар ер атаулыдан көп. Бұл елде жұптар жас айырмасына көңіл бөлінбейді.
9. Филиппин қыздары
Бұл елден кету оңай. Елдегі экономикалық ахуалдың нашарлығына байланысты сырт елдерден жұмыс тауып беруге маманданған компаниялар жақсы дамыған. Филиппин қыздары көбінесе Еуропа, Америка елдеріне барып жұмыс іздейді. Сауалнамаға жауап берген бойжеткендер ақ нәсілді адамдарды ұнататынын жасырмапты. Олардың ойында әлемдегі ең қайырымды әрі отбасын құрметтейтін жігіттер АҚШ-тан шығады екен. Сол үшін де еуропалықтар үшін филиппиндік қыздардың бәсі жоғары.
10. Ресей қыздары
Бұл тізімде аталған елдердің ішінде білім сапасымен мақтана алатын Ресей қыздары екен. Бұдан басқа, орыс бойжеткендерінің өзге ұлт өкілдерімен тез тіл табыса алатындығы, өзге тілдерді білуі, өзге мәдениетті түсінуі, өзге елде өмір сүре алу мүмкіндігінің жоғары екендігі оларды тізімнің ең бірінші сатысына көтеріп тұр.
P.S. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу бойынша үздіктер рейтингінде болмағанымызды жақсылықтың белгісі деп қабылдағанымыз жөн шығар.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: j-times.ru, publy.ru