- Негізгі бет
- Сән
- Эспадрильялар - маусымның...
Эспадрильялар - маусымның жаңа тренді
Осы жаз сән әлеміне талай өзгеріс әкелді. Ұзын белдемшелер орнына ассиметриялы белдемшелер, былғары сөмкенің орнына тоқылған жеңіл сөмкелер келді. Кезек бәрінің сүйіп киетін балеткаларына да келіп жетті. Бұл маусымда оны эспадрильялар есімді аяқ-киімдер ауыстырды.
Эспадрильялар - ХIII ғасырдағы каталон шаруларының аяқ-киімі. ХХ ғасырдың 60 жылдары Ив Сен Лоран бұл аяқ-киімнің жайпақ табанын танкеткаға ауыстырып, түрлендіріп сәнді қылды. Бұл маусымда көптеген сәнді дизайнерлер балеткалар орнына жеңіл, жаздық эспадрильяларды таңдады.
Майка, джинсы, қалпақ пен эспадрильялар жақсы жарасады.
Эспадрильяларды көбінесе шалбар не шортымен киеді.
Эспадрильялар - нағыз жаздық, жеңіл аяқ-киім. Осы маусымда өкшесі биік туфлилердің орнына ыңғайлы эспадрильяларды сәнді тренд қылған дизайнерлерге рақмет айтайық.
Ал сізде эспадрильялар бар ма?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: woman.ru
С. А