Эспадрильдер испаниялықтар мен оңтүстік Франция тұрғындарының дәстүрлі жазғы аяқ киімі. Оны 13-ғасырда ойлап тапқан болатын, бірақ сәнқойлар өрілген табаны бар мата тәпішкелерге 80-жылдары ғана мән берді. Одан соң оған деген қызығушылық сөніп, енді міне эспадрильдер қайтадан сәнге оралды. Бұл жаңалық қуантпай қоймайды, себебі жазға одан жеңіл және ыңғайлырақ аяқ киім таппайсыз. Бастапқыда испадрильдердің табаны арқаннан шайырланған және жоғарысы кенептен тігілген болды. Сонымен қатар, бауы жиі өкшесінде орналасып, онымен жақсы ұстап тұру үшін аяқты орайтын. Қазіргі кезде олардың түрінде өзгерістер бар. Әйелдер үлгісінің көпшілігі танкетка және өрілген биік табаны бар ашық аяқ киім түрінде келеді. Сәнді эспадрильдердің күдері, былғары және табиғи материалдардан жасалған түрлері кездеседі. Биылғы жазда денимнен тігілген киімдерге мән беріңіз. Эспадрильдер денимнен жасалған көйлекпен, қысқа шалбармен немесе белдемшемен де бірдей жақсы үйлесім табады. Сондай-ақ, жеңіл көйлектерге көз салыңыз. Мысалы: сарафан, қысқа және ұзын көйлектер, бохо стиліндегі көйлектер және т.б. Үлгі жақсы аяқталған болуы үшін қалпақ киген жөн. Аксессуар ретінде күдері сөмке, өрілген былғары сөмке, ірі білезік, сырға және көлемді алқа алған дұрыс.