Жас көрінем десеңіз, мына қателектерді қайталамай, есейтіп көрсететін шаш сәндерінен абай болыңыз.
Николь Кидман
Кәрі: Танымал актрисаның түзетілген шашы тым жүдеген, жансыз көрінеді.
Жас: Бұйраланған шаш сәнімен Николь әлдеқайда жас көрінеді. Шашының түсі де өңін ашып тұр.
Кейт Босуорт
Кәрі: Ретро шаш сәні тым ресми, бірнеше жыл қосып көрсетеді.
Жас: Ал өрілген шаш Кейтті жасартып, келбетіне ойнақылық беріп тұр.
Дженнифер Гарнер
Кәрі: Тым көлемді шаш әжелердің шаш сәніне ұқсап қалған сияқты.
Жас: Жеңіл толқынды бұйралған шаш жас қыздарға сай.
Риз Уизерспун
Кәрі: Қысқа шашқа үлкен көлем беріп жатқызу 90 жылдар стиліндегі шаш сәні.
Кәрі: Шашын жинауды жақсы көретін Сараға, бұл шаш сәні кейде оны есейтіп көрсететінін ұмытпаған дұрыс.
Жас: Ал жиналған шаш сізді кәрі етпесін десеңіз, шашты кішкене шығарып қойыңыз.
Ким Кардашьян
Кәрі: Буылған шаш тым тегіс болғандықтан, бетті тым ашып, пішінін көрсетеді.
Жас: Жылтыр түзу шаш әр уақытта жас қыздардын шаш сәні болып қала бермек.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua