Біз өмір сүретін заманда сән үлгілері күн сайын өзгеруде. Оған ілесіп үлгергендер де, қанша тырысса да жете алмай жүргендері бар. Егер ертең қандай киім киемін деген ойдан шаршаған болсаңыз, нормкор стилін үйреніп алыңыз. Бұл – ерекше талғамын көрсету үшін түрлі-түсті киімдерді киюді қажетсінбейтін жандар үшін арналған стиль.
Актриса Әлия Телебарисованың киім үлгісі есіңізде ме? Майка, джинс шалбар, крассовки – өте қарапайым таңдау. 90 жылдары барлығы да осылай киінген. Нормкор стилі де сол уақыттан бастап пайда болған. 2009 жылы көше сәнінің бір бөлігіне айналса, дәл осы жылы нағыз трендке айналуда. Стильдің басты принципі – өзгелерден ерекшелену немесе мүлдем көзге түспеу. Күнделікті өзіңізге ыңғайлы киімдерді таңдаңыз. Оны қайдан, қанша теңгеге сатып алғаныңыз маңызды емес.
Маман: Бұл образ сәл жігіттердің стиліне ұқсайды. Әдетте нан сатып алу үшін дүкенге киіп баратын киімдеріңіздің барлығын шкафтан шығарып, өзара кездейсоқ тәртіппен сәйкестендіріңіз. Сұлылық құрбандықтан құралады деп өзгелерге бір нәрсені дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Қоғам ұсынатын ережелерден аулақ болыңыз. Өзгенің емес, өз таңдауыңызбен өмір сүріңіз.
Жылы
Бейсболка, Lamoda; футболка, H&M; қысқа балақ шалбар, C&A; Birkenstock; арқаға асатын сөмке; DKNУ;
Суық
Толстовка, Splendid, джинс шалбар, Levi's, красоввка, Marc by Marc Jacobs, арқаға асатын сөмке, Marni