- Негізгі бет
- Сән
- Ерін далабы үшін...
Ерін далабы үшін соғыс: Ол қалай пайда болды?
Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, ерін далабы әлемдегі ең көп таралған макияж құралы болып табылады. Ол XVI ғасырдың басында әлемге тарала бастаған. Атауы француз кардиналы Ришельенің есімімен байланысты. Бірақ ерін далабы оған дейін де әлемде танымал еді.
• Шын мәнінде, ерін далабы тарихы Ежелгі Мысырдан басталады, онда перғауын әулетінің өкілдері, дәулетті шенеуніктердің әйелдері мен дінбасылары, әскери қолбасшылар, қала тұрғындары далапты кеңінен қолданған. Сол жылдары Египет нағыз сән орталығы болып саналды;
• Алғаш рет ерін далабы шамамен 5000 жыл бұрын Месопотамияда қолданыла бастады. Ерін бояуы ежелгі Египетте бұрыннан белгілі болды. Оны қызыл пигменттен, балауыздан және жануар майынан жасады. Мысырлықтар қара далаптарды жақсы көрді;
• Ежелгі Египет папирустарында б.з.д 1450 жылы әйгілі ханшайым Хатшепсут ерін далабы үшін Пунт еліне соғыс жариялады. Бұл елдің ерін далабы Шығыс Африкада танымал еді және Мысыр патшайымы оған ие болғысы келді;
• Мысырдан ерін далабы Ежелгі Грецияға, содан кейін Римге келді. Дегенмен, бұл елдерде ерін бояуын жақтаушылар да, қарсылар да болды. Негізгі қарсыластардың бірі атақты Клавдий Гален еді. Гален косметикаға мүлдем қарсы емес еді. Ол тек әйелдерді қауіпті косметиканы қолданудан сақтандыруға тырысты. Бұл сол кездері ерін далабына улы пигменттер (қызыл қорғасын, киноварь) қосылғанына байланысты болды. Дегенмен, әйелдер ерін далабы қолдануды жалғастырды;
• Христиан шіркеуі де сыртқы түрдегі кез келген жасанды өзгерістерге қарсы еді. XIV ғасырда католик шіркеуі косметикаға тыйым салды. Осы кезеңде Қасиетті инквизиция ерні боялған әйелдерді қаскүнемдік үшін қамауға алуға құқылы еді;
• 1883 жылы Амстердамда өткен дүниежүзілік көрмеде француз парфюмерлері жібек қағазға оралған қарындаш тәрізді ерін далабы ұсынды.
• Далаптың танымалдылығы атақты актриса Сара Бернхардқа ықпал етті. Ол бұл "ХІХ ғасырдың ұлы жаңалығын" шын мәнінде иконаға айналдырып, оған "stylo d’Amore" ("махаббат таяқшасы") ат берді;
• Түтіктегі ерін далабы авторлығы Guerlain фирмасына тиесілі. Алғашқы далаптың металл қаптамада пайда болуы (АҚШ, 1915 ж.) оның танамалдығының пайда болуына әкелді, өйткені ол далапты қолдану ыңғайлы еді;
• Алғашқы ерін далабы қызғылт балауыз негізінде жасалған Ne m'oubliez pas (француз тілінде –"ұмытылмас"). Ол поршеньді механизмі бар қорапта сатылды, бұл өте ыңғайлы болды, өйткені бұл мезанизм ерін далабын соңына дейін толығымен пайдалануға мүмкіндік берді;
• 1920 жылы Елена Рубинштейн Valaz Lip-Listre деп аталатын ерін далабының бірінші түтігін шығарды. Рубинштейннің ерін далабы дерлік революциялық құбылысқа айналды. Егер бұрын бұл косметикалық өнімді тек табысы жоғары әйелдер ғана ала алатын болса, онда Valaz Lip-Listre құны бірнеше доллардан аспайтын ерекше демократиялық өнімге айналды;
• Өткен ғасырдың отызыншы жылдары осы аттас косметикалық брендтің негізін қалаушы Хазел Бишоп тағы бір революциялық жаңалықты – суға төзімді ерін далабын жасады;
• 1949 жылы Америка Құрама Штаттарында ерін далабын қазіргі түрінде – металл немесе пластик түтікте өндіруге арналған алғашқы машиналар әзірленді.
Т. Раушанұлы