- Негізгі бет
- Сән
- Ең қымбат той...
Ең қымбат той көйлектері
12 миллион АҚШ доллары тұратын той көйлегі гауһар таспен әшекейленген. Бұл көйлек "әлемдегі ең қымбат" көйлек деп танылды. Оны Беверли Хиллзтағы той көйлектерін сататын шағын дүкеннің иесі тіккен. Және танымал зергер Мартин Катц та атсалысқан. Той көйлегін біреуі 150 карат тартатын гауһар тастар әсемдейді. Оны 2006 жылы Калифорнияның "Ритц-Карлтон" қонақүйінде өткен "Bridal Show-ға" арнап тіккен.
Сондай-ақ тағы да бір інжу-маржанмен безендірілген көйлек 8,5 АҚШ долларын құрады. Әлемдегі ең қымбат той көйлектерінің тізімінде екінші орын алған бұл көйлекті жапондық дизайнер Юми Катсура тіккен. Ол үшін оған 1000 інжу-маржан мен гауһар тас және ақ алтын қажет болған.
Тауыс қанатымен әшекейленген той көйлегі 1,5 миллион долларға бағаланды. Бұл көйлек 2009 жылы Қытайдың Няньцзинь қаласында өткен жәрмеңкеде таныстырылды. Бұл көйлекті тігу үшін 8 адамнан құрылған топ 2 ай демалыссыз жұмыс істеген.
Диана ханшайымның көйлегі 115 000 долларды құрады. Бұл көйлекпен Диана 1981 жылы Чарльз ханзадаға кейеуге шықты. Көйлектің артқы етегі 7,5 метр. Оны безендіру үшін 10 000 гауһар тас кеткен.
Сурет: irkutsk-138.buyreklama.ru
Оқи отырыңыз:
Көктемгі сән: Бойфренд жейдесі
Заманауи бойжеткеннің гардеробында болуы тиіс киімдер
Сән әліппесі: Преппи немесе мектеп формасын сәнге айналдыру
Ж. Исакаев