“Екі нәрсе ескірмейді: бірі махаббат, екіншісі Lacoste”,- дейді аталған компанияның жаңа бейне ролигі. Әдеттегі жарнамалық бейнеролик болғанымен, визуалды эстетикалық мини-фильмдей әсер қалдыратын әдемі туындымен бөлісуді жөн көріп отырмыз.
Бейнеролик бір көргеннен ғашық болған қыз бен жігіттің махаббат оқиғасынан сыр шертеді.
Мини-фильмнің сюжеті ерекше сезімге бөлейді. 1933 жылы (Lacoste компаниясының негізі қаланған жыл) жолаушыға лық толы вокзал перронында қыз бен жігіт соқтығысып қалады. Олар бірден бір-біріне ғашық болады. Жігіт қыздың артынан пойызға қарай жүгіре жөнеледі. Ол өз арманына қол жеткізгенге дейін біздің көз алдымыздан 30-шы жылдардан бастап 2017 жылға дейінгі бірнеше онжылдықтар өте шығады. Осы аралықта бәрі өзгереді: адамдар, пойыздар, интерьерлер, киім.
Бірақ бір ғана нәрсе өзгермейді, ол – жігіт киген сүт түсті Lacoste полосы. Осылайша, француздық бренд уақытқа бағынбайтын өзектілігін көрсетіп отыр.