Дөңгелегі бар биік өкшелі аяқ киім шықты

Дөңгелегі бар биік өкшелі аяқ киім шықты
Фото: Lifestyle.one

Saint Laurent сән үйінің креативті директоры Энтони Ваккарелло елден ерекше аяқ киім ойлап тапты. Ол биік өкшелі аяқ киімге дөңгелек жалғаған. Жаңа күз-қыс коллекциясында дизайнер осылайша әйелдерге дөңгелекті аяқ киім ұсынып отыр. 

Өз өнімін Ваккарелло Anya 100 Patch Pump Roller деп атаған. Сән үйінің сайтында дөңгелекті аяқ киім жайлы ешқандай сипаттама жазылмаған, оның не мақсатпен шыққаны да түсініксіз қалып отыр. Өйткені бұндай аяқ киіммен бір қадам аттаудың өзі мүмкін емес. Таңғажайып туфлиді сән үйіне барып қана сатып алуға болады. 

Р. Роза