Стильді көріну тек қыздарға лайық деген қағиданы жою керек. Себебі, тартымды, жақсы киінген, киім таңдауда талғамы бар жігіт өзіне-өзі сенімді бола тұра, жетістікке жетуге бір қадам жақындайды
Бірінші кеңес. Стильге сәйкес киіну үшін барыңды салудың қажеті жоқ. Стильді көрінуге қатты талпынбаған адам стильді көрінетінін ескеріңіз. Яғни, кейбір адамдар қанағатшылдық сезімнен жұрдай болғандықтан кейде стильді боламын деп асыра сілтеп жібереді.
Екінші кеңес. Киімнің түсі көбіне қара және қара көк болғаны дұрыс, себебі, бұл түстер адамның тұла бойын сұңғақ етіп көрсетеді.
Үшінші кеңес. Егер сіз жақсы, қымбат киім киінетін болсаңыз өзіңізді сенімдірек сезінесіз.
Төртінші кеңес. Егер сіз спортпен шұғылданатын болсаңыз және бұлшық еттеріңіз көлемді болса, киімді тапсырыспен тіктіргеніңіз дұрыс.
Бесінші кеңес. Тартымды көріну – сіз табысқа жартылай жеткеніңіз.
Алтыншы кеңес. Кез келген ер адамның гардеробында болуға тиіс нәрсе – пенжак (пиджак). Сондықтан оның өңі бұзылмауын қадағалап, оны күтіп киюіңіз керек.
Жетінші кеңес. Туфлиіңіз қымбат болуы және қымбат болып көрінуі керек. Бұл үнемдеуге болмайтын ерлер гардеробының элементі.
Сегізінші кеңес. Сырбаздық – жетістікке жетудің кілті.
Тоғызыншы кеңес. Киіміңіздің түсін таңдағанда мұқият болыңыз: әртүрлі суреті бар киімді алмауға тырысыңыз.
Оныншы кеңес. Ақ көйлек, қара шалбар және қара галстук. Кім не десе де, осылай киінсеңіз стильді және тартымды көрінетініңіз сөзсіз.
Осы кеңестерге сүйене отырып, өзіңіздің киіну әдетіңізді өзгертуге немесе жақсартуға болады. Егер жоғарыда аталған кеңестерге алып-қосарыңыз болса, пікірлеріңізбен бөлісіңіз.
Дайындаған: Фариза Әблова
Сурет: content.ru