- Негізгі бет
- Сән
- Дизайнерлер Британия патшайымы...
Дизайнерлер Британия патшайымы қабылдауына шақырылды
Дизайнерлер Британия патшайымының қабылдауына шақырылды.
II Елизавета мен оның келіні Кембридж герцогинясы Лондон сән апталығы кезінде түрлі елдерден келетін сән өнері шеберлерін қабылдау арқылы елдер арасындағы достықтың нығаюына ықпал етпек.
Шақырылғандар тізімін Стелла Маккартни, Биби Рассел, Карен Уокер және басқа да өндірушілер құрады. "Халықтар достастығын нығайту жолында сән өнері нағыз бейбіт құрал ", - дейді Корольдік Сарай өкілі.
Ресми қабылдау Букингем сарайында 19 ақпан күні өтеді. Арнайы осы кездесу үшін дайындалған топтамалар ұсынылады. Мұндай құрметке есімдері әзірге мәлім етілмеген 31 дизайнер ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбритания астанасының ойын-сауық орталығы Сохо алаңында сәнқой бикештер мен мырзалар толассыз бой көрсетуде. Оған басты себеп – сән астаналарының "Үлкен төрттігіне" енетін Лондонда көптен күткен сән апталығының басталуы. Өткен аптада Парижден басталған көрсетілімдер енді Лондонда жалғасын табады.
А. Оралқызы