- Негізгі бет
- Сән
- Дэвид Бекхэм Британияның...
Дэвид Бекхэм Британияның сән елшісі атанды
Британия сән кеңесі(BFC) атақты футболист Дэвид Бекхэмді президент етіп сайлады. Енді ол ресми сән елшісі қызметін атқарып, АҚШ-тан Азияға дейінгі кеңістікте өз елінің дизайнерлерін насихаттау жұмысын жүргізеді. Осылайша, әлем нарығына ықпал жасамақ.
"Менің негізгі міндетім – Британия сән кеңесін(BFC) және барша фэшн-дизайнерлерді қолдау. Осы міндетті толыққанды атқара отырып, отандық сән үйлерінің АҚШ пен Қытай сынды ірі киім нарығында ұтымды сауда ж8ргізуіне септігімді тигізу", - деді Бекхэм Vogue журналына берген сұхбатында.
Бұл жұмысты жүзеге асыру жолында ең бірінші жасалатын дүние – білім беру. Жастар арасында сән өндірісіне деген қызығушылықты арттыра отырып, тегін оқуға мүмкіндік туғызуды алға қояды.
Дэвид Бекхэм 2020 жылға дейін осы қызметті атқарады.
А. Оралқызы