Деним жейдесін қалай үйлестіріп кию керек?

Деним жейдесі өзін сәнқой санайтын әр қыздың гардеробында болуы тиіс. Джинс жейдесі әмбебап, көптеген киіммен жарасып, түрлі стильмен үйлестіріп киюге келеді. Осындай көпфункционалды киім үлгісін міндетті түрде алып, оны түрліше киіп үйреніңіз.

Белдемшемен

Бос келген джинс жейдесімен жарқын түсті романтикалық белдемшелермен жақсы жарасады.

Леггинспен

Джинс жейдесінің ұзын түрін табуға сәтіңіз түссе, бос жейде тар леггинспен ерекше жарасатынын есте сақтаңыз.

Шортымен

Жейдені шортыны ішіне салып не сыртына шығарыңыз. Деним жейдесімен бір түсті шорты жақсы жарасады.

Көйлекпен

Бұл күтпеген үйлесім болуы мүмкін, алайда бұл маусымның трендіне айналмақ. Қарапайым көйлектің үстінен деним жейдесін түймелемей киіп алыңыз. 

Шалбармен

Жарқын түсті не ерекше матадан тігілген шалбармен деним жейдесі жақсы үйлеседі.

Джинс шалбарымен

Деним жейдесін киюдің ең қарапайым және оңтайлы шешімі оны кәдімгі джинсы шалбарымен кию. Олардың түстері кішкене де болса түрліше болуын қадағалаңыз. Немесе бейнеңізді түрлі аксессуарлармен жаңартыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: fashion.daobao.ru, lyst.com, tanyasoyer.blogspot.com.