Дене пішіні бойынша киім таңдау

Көз жұмып сәнге сай киіне беру - дұрыс емес. Сәнді трендтердің арасында тек қана сізге жарасатынын қалай таңдауға болады? Дене пішініне байланысты киім таңдау сабағын бүгін жұлдыздар жүргізбек.

"Жігіт-қыз"

Арық, биік емес, иықтары онша кең емес қыздар  - "жігіт" дене пішімінің иегерлері. Мыңдаған қыздар арықтауды арман қылса, олар керісінше тартымды денесі болғанын қалайды. Жігітше келген денесін әдемі көрсету үшін, Эмма Стоун актуалды пастель түстерін таңдаған. Көйлек түсі дене түсіне сәйкес келіп, бір-бірін толықтырады. Осыдан Эмманың бойы биігірек көрінеді. Эмма сияқты тартымды пішіндері жоқ Тейлор Свифт, көйлектің көмегімен жоқты бар қыла алады. Көйлегі кеудесі мен бөксесіне назар аудартады. Ақ түс денені көлемді етіп көрсетеді.

XL

Шалбарға қарағанда, салтанатты ретро көйлектерін ұнататын Адель өте дұрыс шешім қабылдайды. Себебі көйлек бөксесіне жабыспай, әдемі тұрады. Ұзын көйлектің астына биік өкшелі туфли киіп ол бойын кішкене саозады. Қара түс денесін кішірейтіп көрсетеді. Ал Квин Латифаның мына көйлегі - дұрыс емес таңдау. Тырысып тұратын көйлек дененің кемшіліктерін айқындап, түсі де денені үлкейтіп көрсетіп тұр.

Алма

"Алма" пішінді денелі арулардың аяқтары мен бөкселері мінсіз, алайда олар қарыннан артық салмақ тастауды армандайды. Дрю Бэрримордің ұзын қара белдемшесі соны жасырып, сызықтары көңілді аудартады. Ал Риз Уизерспуннің көйлегінің ассиметриялық балағы оның керемет сұлу аяқтарын көрсетеді. Ал қара белдік ішін қысып тұрады.

Бой кемшілігі

Бойы аласа қыздардың қатарындағы  Ева Лонгория биігірек көріну үшін бір түсті көйлекпен биік өкшелі аяқ-киім таңдайды. Сондай-ақ шашының көтеріліп жиналуы да оған бірнеше артық сантиметр беріп тұр. Рейчел Билсон бой кемшілігімен қоса, өте арық болып келген. Сондықтан денесіне көлем беру үшін толқынды көйлек таңдаған.

Құм сағат

Бұл дене бітімі әмбебап болып саналады. Денесі осындай қыздар кез келген көйлек түрін кие алады. Бірақ әрине олар денесінің жақсы жақтарын көрсеткенді қалайды.

Алмұрт

Әйгілі Дженнифер Лопес өз денесінен еш ұялмай, керісінше оны мақтан тұтатыны белгілі. Сондықтан ол жарқын түсті, ұзын жеңді қарапайым көйлек таңдаған. Алиша Кис та осындай пішінді дене иегері. Сондықтан ол қара түсті шалбар киіп бөксесін жасырып, ақ түсті жейде киіп үстін көлемдірек етіп көрсетіп тұр.

Ал сіздің дене пішініңіз қандай?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: en.louloumagazine.com