Негізі гардеробты нақты бір дене пішінінің түріне сай жүйелеген жөн. Алайда кез келген қыздың дене пішінін сымбатты етіп көрсететін әмбебап киімдер бар. Ер адамдар стиліндегі ақ жейде Бастысы оның өте кең тігілген түрін таңдамаңыз. Ер адамдар стиліндегі ақ жейдені өзіңізге шақ етіп алсаңыз, ол денеге жабысып тұрмайды. Белді айқындайтын көйлек Кез келген қызды белді айқындайтын киімдер сымбатты етіп көрсетеді. Ер адамдар стиліндегі блейзер (пенжек) Тік пішінді ұзын блейзерді де ақ жейде таңдаған секілді алыңыз. Оның өлшемі (әсіресе, иығы) үлкен болмауы керек. Оны кез келген киіммен киюге болады. Ол көйлектермен де джинс шалбарымен де үйлесім таба береді. Дене түстес туфли Мұндай аяқ киім аяқтың жалғасы ұқсап көрінгендіктен, бойыңызды ұзартады. Классикалық тренч Классикалық тренч белді айқындайды. Қисық торлы киімдер Қисық тор дене бітімін сымбатты етіп көрсететін сиқырлы принттердің бірі. Кең балақты шалбар Мұндай шалбардың тек пішімі ғана әмбебап, ал түсі мен фактурасын әр фигура түріне қарай таңдау қажет.