"Челси" аяқ киімін қалай кию керек екенін білесіз бе?

Челси – ұзындығы тобыққа жететін, табаны жұқалау, басы сәл үшкірлеу, домаланған аяқ киім түрі. Оның басты айырым белгісі – шет жақтарында орналасқан резеңке ендірмелері.

Аяқ киім брендтері топтамаларының барлығында дерлік челси бәтеңкелерін көруге болады.

Челсидің кең балақты шалбарлармен, кешкі және коктейль көйлектерімен, капронды колготкалармен үйлеспейтінін есіңізде сақтаңыз. Ал немен киюге болады деген сұраққа, кез келген нәрсемен үйлеседі деуге болады. Алайда, бұл жерде де өзінің ережелері бар. Бұл тектес бәтеңкелер ашық болуы керек. Егер джинс шалбарыңыз ұзын болса, балағын қайырып қойыңыз. Челси үшін классикалық вариант – шалбарлы костюм. Бұл үлгіде кербез, әрі сәнді көрінетініңіз сөзсіз.

Бұл образға, сондай-ақ, қалпақ та жақсы үйлесе кетеді. Бұл – стильді аксессуарлардың бірі. Челси бәтеңкесін ерлер стиліндегі немесе оверсайз пальтолармен кисеңіз өте жарасымды үлгі шығады.

Сурет: blogspot.com